Олимпиада чемпионы, Қазақстан U-22 құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев 2025 жылғы отандық бокстың қорытындысын жасап, резерв құраманың әсерін ерекше атап өтті.
Сәрсекбаевтың айтуынша, өзі үшін жыл қорытындысы жаман емес: жоспарланған мақсаттардың көбі орындалған. Ал жалпы қазақстандық бокс үшін 2025 жыл өнімді өтті дейді.
Бапкер резерв құраманың нәтижесін жоғары бағалап, оны қазақ боксы үшін маңызды серпін ретінде сипаттады:
«Резерв құрамы өз нәтижесін көрсетті. Тіпті ұялмай айтамын: бұл біздің ұйқыдағы бокске дер кезінде және стратегиялық тұрғыдан өте маңызды “шапалақ” болды», — деп жазды ол.
Сәрсекбаев резерв команданың құрылуы екі бағытта үлкен әсер бергенін алға тартты:
Осылайша бапкердің сөзіне сенсек, шағын ғана ұжым үлкен жұмыс атқарып, қазақстандық бокстағы жалпы ахуалға әсер еткен.
Жаттықтырушы өз шәкірттерін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, «арландар» қысқа мерзім ішінде (бар болғаны 3 айда) екі Азия чемпионатына қатысып, ел қоржынына 13 алтын медаль және 4 күміс медаль салған.
«Менің көзім жетті: қазақстандық бокстың болашағы зор! Бізде көзі жанып тұрған, талантты жастар бар. Тек олармен дұрыс жұмыс істеп, дайындап, бағыт-бағдар беру керек», — деді Сәрсекбаев.
Айта кетейік, 2025 жылы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаев баптаған қазақстандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алған.