Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатынан кейін «күшті» режимді қосты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:00

Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу залынан видео жариялап, жанкүйерлеріне өзінің қарқынын көрсетті.

instagram/@akkalykov_sabirzhan
Реклама
Реклама

Залдағы жұмыс: зілтемір, арқан және жоғары қарқын

IBA нұсқасы бойынша Дубайдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері жариялаған ролик күштік жаттығудан басталады: спортшы зілтемірмен жұмыс істейді. Одан кейін Аққалықов арқанмен жоғары қарқынды дайындыққа көшеді.

Видеодан боксшының бар күшін салып, толық беріліп жатқаны анық байқалады. Жазба финалда күтілмеген жеңілістен кейін оның одан әрі мотивация алып, «режимді» қосқанын меңзейтіндей әсер қалдырды.

Финал қалай өтті?

Сабыржан Аққалықов ӘЧ-2025 финалында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік боксшы Исмаил Муцольговқа қарсы шықты. Қарсыласу алдында Аққалықов фаворит саналғанымен жекпе-жек ресейлік спортшының төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды.

Аталған IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде екінші орын иеленді. Ел қоржынында:

  • 3 алтын
  • 1 күміс
  • 2 қола медаль бар.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары