Реклама
Реклама

Әлемнің үздік боксшысы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 15:25

Александр Усик Р4Р рейтингінде Дмитрий Биволды басып озды. 

NUR.KZ

Украиналық боксшы Александр Усик салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын Pound-for-Pound (P4P) рейтингінде қайтадан көш бастады. 

Александр Усик Р4Р рейтингінің бірінші сатысына суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың мансабын аяқтағанын жариялауынан кейін қайта көтерілді. Осылайша, Усик тағы да әлемдегі ең үздік боксшы ретінде танылды.

Қазіргі таңда әлемдік Р4Р рейтингі мынадай:

  1. Александр Усик (Украина) — 24-0-0 (15 KO)
  2. Наоя Иноуэ (Жапония) — 31-0-0 (27 KO)
  3. Джесси Родригес (АҚШ) — 23-0-0 (16 KO)
  4. Дмитрий Бивол (Ресей) — 24-1-0 (12 KO)
  5. Артур Бетербиев (Ресей) — 21-1-0 (20 KO)
  6. Дзюнто Накатани (Жапония) — 31-0-0 (24 KO)
  7. Шакур Стивенсон (АҚШ) — 24-0-0 (11 KO)
  8. Дэвид Бенавидес (АҚШ) — 31-0-0 (25 KO)
  9. Девин Хэйни (АҚШ) — 33-0-0 (15 KO)
  10. Оскар Коллазо (АҚШ) — 13-0-0 (10 KO)

Усиктің соңғы жекпе-жегі

Еске сала кетейік, Александр Усик соңғы жекпе-жегін шілде айында Лондонда британдық Даниэль Дюбуаға қарсы өткізді. Бұл айқаста ол қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсіріп, екінші рет суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Реклама
Реклама