Реклама
Реклама

Шумковтың «тістегені» кездейсоқ па? Халоков IBA шешіміне үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 17:58

Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков Дубайда (БАӘ) өткен IBA әлем чемпионатындағы ресейлік Всеволод Шумковқа қарсы даулы финалдан кейін қабылданған шешімге қатысты ойын айтты. 

instagram/@abdumalik_khalokov

IBA әлем чемпионаты: 60 кг финалында не болды?

60 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші жекпе-жек Шумковтың пайдасына аяқталды. Қорытынды нәтиже төрешілердің бөлінген шешімімен ресейлік боксшыға берілді.

Алайда кездесуде көпшіліктің назарын аудартқан оқиға тіркелді. Айқас кезінде Шумков Халоковтың құлағын тістеп алғаны айтылды.

IBA ұстанымы: «оқыс жағдай, нәтижеге әсер етпеді»

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) бұл эпизодты кездейсоқ орын алған жағдай деп бағалап, оның жекпе-жектің жалпы нәтижесіне ықпал етпегенін мәлімдеді. Сол себепті финалдың қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды.

Халоковтың жауабы

Абдумалик Халоков шешімнен кейін сабыр сақтап, алдағы жұмысқа көңіл бөлетінін жеткізді:

«Жаттығуды бастап кеттік, не болса да – бәрі Алладан. Бұдан да мықты болып ораламыз», — деді ол.

Айта кетейік, IBA президенті Умар Кремлев Халоков пен Шумков арасында реванш өткізуді ұсынған.

Реклама
Реклама