Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жұлдызды қазақстандық файтерге реванш ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі
31.12.2025, 22:09

Жапониялық аралас жекпе-жек шебері Юта Кубо (5-2) қазақстандық Қаршыға Дәуітбекпен (18-3) болған даулы жекпе-жектен кейін реванш өткізгісі келетінін ашық айтты.

instagram/@d.karshiga
Реклама
Реклама

Юта Кубо: «Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Реванш болады»

Кубоның сөзінше, кездесу күтпеген әрі көңіл көншітпейтін жағдайда аяқталған. Ол билет сатып алған және трансляция көрген жанкүйерлерден кешірім сұрап, титулға ұмтылатынын да жеткізді.

«Өкініштісі, бәрі осылай болып қалды. Билет алып, трансляция сатып алған жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Олар бұдан да көп айқас көргісі келгені анық. Өз күшіме әлі де сенемін. Мен чемпион болғым келеді! Рингтің өзінде Даутбекке реванш болатынын айттым, өйткені бұл жекпе-жекті жалғастырғым келді. Қашан? Наурыз, сәуір, мамыр... Ол қайтадан осында келе алатын сәт туа салысымен, бірден төбелескім келеді — тіпті бір айдан кейін болса да», — деді Юта Кубо.

Дәуітбек – Кубо жекпе-жегі неге өтпей қалды?

Еске салайық, Қаршыға Дәуітбек пен Юта Кубоның кездесуі өтпеген жекпе-жек ретінде тіркелді. Себебі бірінші раундта жапониялық файтер қазақстандық спортшының көзіне екі рет саусағын тигізіп, Дәуітбек жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары