«Шара Буллет» Қуат Хамитовқа «шабуыл» жасады (ВИДЕО)
31.12.2025, 21:34
Ресейлік файтер Шарабутдин Магомедов (лақап аты — «Шара Буллет») армениялық Арман Царукянмен өткен белдесуден кейін қазақстандық Қуат Хамитовқа әзіл-қалжың ретінде «шабуыл» жасап, жұртты күлдірді.
instagram/@kuat_khamitov
«Шара Буллет» Хамитовқа әдіс жасап көрді
Царукянмен болған кездесуден соң Магомедов ринг ішінде тұрған Қуат Хамитовқа жүгіріп барып, әзілдеп күрес тәсілін жасап көруге, әрі бірнеше «соққы» имитациясын көрсетуге тырысты.
Осы сәтте ресейлік спортшы: «Шара күресе алмайды деген кім?!» деп әзіл тастады. Бұған жауап ретінде Қуат Хамитов та қалжыңды іліп әкетіп: «Сөзімді қайтарып аламын!» деді.
Еревандағы грэпплинг тең аяқталды
Еске сала кетейік, Шарабутдин Магомедов пен Арман Царукян Арменияның Ереванда грэпплинг ережесі бойынша белдесіп, кездесу тең нәтижемен аяқталған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама