10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Батыр Жүкембаев жекпе-жек алдында жанкүйерлерге үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 08:00

Айқас 9 мамыр күні Ташкент қаласындағы «Хумо Аренада» өтеді. Қарсылас – өзбекстандық Шохжахон Эргашев. 

NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) Өзбекстанда өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, жанкүйерлеріне арнайы үндеу жасады.

Боксшы өз мәлімдемесін Instagram парақшасында жариялады:

«Ассалаумағалейкум! Кешегі жаңалықты естідіңіздер, бұйырса, жақсы жекпе-жек болады. Біз барынша дайындалып шығуға тырысамыз. Алла бұйырса дайын болып шығамын. Сіздер қолдаңыздар, сол бізге жеткілікті. Біз өз жұмысымызды істейміз. Алла бұйырса, жақсы, керемет жекпе-жек болады», — деді Жүкембаев.

Жекпе-жек 9 мамыр күні Ташкент қаласындағы «Хумо Аренада» өтеді. Қарсылас – өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев (26-2, 23 KO). 

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, британдық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Ал Шохжахон Эргашев 2025 жылдың 4 қаңтарында Самарқандта өнер көрсетіп, үндістандық Гурприт Сингхті бірінші раундта нокаутпен ұтты.

Реклама
Реклама