Назым Қызайбайдың айқасы мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
Ол әлем кубогының жүлдегерімен жекпе-жек өткізді.
Қазақстандық атақты боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде ерекше видеомен бөлісті. Қазақстан құрамасының капитаны Instagram парақшасында бокс емес, аралас жекпе-жек (ММА) форматындағы спаррингтің видеосын жариялады.
Назым Қызайбайдың қарсыласы — жасөспірімдер арасында 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ World Boxing-2025 әлем кубогының финалында қола жүлде иеленген, ауыр салмақта өнер көрсететін Диана Магауяева болды.
Жекпе-жектің нәтижесі
Екі спортшы арасындағы тартысты айқас Назым Қызайбайдың тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — Қазақстан тарихындағы ең титулды боксшы әйел. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының үш алтын медалі. Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдесі бар.