10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қарағанды әкімі Жүсіпов пен Аққалықовқа қомақты сыйақы табыстады

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 15:39

Қарағандылық боксшыларға ІВА өткізген әлем чемпионатындағы жетістігі үшін өңір әкімі ақшалай сыйақы табыстады.

Қарағанды әкімшілігі

Желтоқсан айының басында Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен еді. 71 келіде сынға түскен Абылайхан Жүсіппов IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Сабыржан Аққалықов 75 келіде күміс жүлдеге ие болды.

Бұл ретте боксшыларға 1,5 млн және 1 млн теңге көлемінде қаржы беріліп отыр. Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының өте жоғары деңгейде өткенін атап, жарысқа әлемнің ең мықты боксшылары қатысқанын атады.

«Жалпы, бәрі жоспарланғандай өтті. Әлем чемпионатына дайындық та, жекпе-жектер де. Әрине, қиындықтар болды. Бұған дейін үш әлем чемпионатында жартылай финалда тоқтап, үш рет қола жүлде алғанмын, сондықтан қобалжу болды. Бірақ осы жылдарда жинаған тәжірибе көп көмектесті.

Абылайхан өзінің алғаш боксқа барған сәтінде еске алды:

Бір маңызды жайтты атап өткім келеді. 2007 жылы қарағандылық Серік Сәпиев екінші рет әлем чемпионы атанды. Дәл сол жылы мен Абай қаласында бокспен айналыса бастадым. Араға 18 жыл салып, алтын медаль әкелу бұйырды. Бұл мен үшін тарихи сәт. Бұл - балалық арманым еді. Алдымен жасөспірімдер арасында, кейін жастар арасында әлем чемпионы болдым, енді ересектер арасында да осы биікті бағындырдым», - деді Абылайхан Жүсіпов.

Қазіргі уақытта боксшылар Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындарына аттанғаны белгілі болды. Естеріңізде болса, жақында әлем чемпион атанған Сәкен Бибосыновқа Түркістан облысының әкімдігі құны қымбат көлікті сыйға тартқан еді.

Айта кететін жайт, әлем чемпионы атанған боксшыға ІВА тарапы 300 мың АҚШ долларын берсе, күміс жүлдегерге 150 мың доллар табыстады. Сондай-ақ, аталған чемпионатта қола жүлдегерге 75 мың доллар берілетіні мәлім болды.

Реклама
Реклама