Бокстан ұлттық құраманың көшбасшысы мансабын аяқтады
Ұлттық құраманың ауыр салмақтағы белді өкілі, Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы және әлем чемпионы спорттық мансабын аяқтады.
Күтпеген шешім
Журналист Аслан Қаженов Instagram парақшасында Нұрдәулетовтің шешімін жариялап, боксшының жетістіктерін де атап өтті. Оның айтуынша, Бекзат спорттан мүлде қол үзбейді:
"Маңғыстаудан шыққан ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов спорттық мансабын аяқтады. Дегенмен ол бокстан кетпейді. Енді осы салада маман ретінде жұмысын бастап, өңірдегі спорттың дамуына үлес қосады", — деп жазды Қаженов.
Нұрдәулетовтің негізгі жетістіктері
Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан боксының соңғы жылдардағы ең тұрақты спортшылардың бірі саналды. Оның еншісінде:
- жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі
- IBA 2019 әлем чемпионы
- Азия чемпионы (2024)
- World Boxing аясындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы (2025, Астана)
- Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы
Сондай-ақ, 2025 жылы ол Ливерпульдегі World Boxing әлем чемпионатында және Дубайдағы IBA ерлер арасындағы әлем чемпионатында да бақ сынады.