10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ боксшылары қатысатын басты турнирлердің толық тізімі жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 23:45

2026 жылы ерлер және әйелдер бокс құрамалары үшін аса маңызды халықаралық турнирлердің күнтізбесі жарияланды. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Алдағы маусымда қазақстандық былғары қолғап шеберлері Азия, әлем және құрлықтық деңгейдегі бірқатар беделді жарыстарда ел намысын қорғайды.

2026 жылғы бокстан ресми жарыстар күнтізбесі (Қазақстанның қатысуымен)

  • 8–15 наурыз – Futures әлем кубогы U19 (Таиланд) 
  • 28 наурыз – 11 сәуір – Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Моңғолия) 
  • сәуір – World Boxing Әлем кубогы, I кезең (Бразилия) 
  • 1–16 мамыр – U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттары (Өзбекстан) 
  • маусым – World Boxing Әлем кубогы, II кезең (Қытай) 
  • шілде – тамыз – U19 жас санатындағы әлем чемпионаты (өтетін орны қосымша жарияланады)
  • 3–16 шілде – U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионаттары (Индонезия) 
  • 19 қыркүйек – 4 қазан – Азия ойындары (Жапония) 
  • 31 қазан – 13 қараша – Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары (Сенегал)
  • қараша – желтоқсан – World Boxing Әлем кубогының финалы (Өзбекстан) 
  • желтоқсан – Жабық кешендердегі Азия ойындары (Сауд Арабиясы) 

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы бір жылдың ішінде бірден үш әлем чемпионатына қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен тұрақтылығын көрсетті.

Реклама
Реклама