10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Төрехан Сабырхан ойнап жүріп Еркебұлан Тоқтарды "сан соқтырды" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.01.2026, 20:03

Әлеуметтік желіде Төрехан Сабырхан мен актер әрі ММА жекпе-жекшісі Еркебұлан Тоқтардың қатысуымен өткен жеңіл спаррингтің видеосы тарады. 

коллаж penalty.kz

Видеода не көрінеді?

Кадрларда Сабырхан мен Тоқтар бірлескен жаттығу спаррингін өткізеді. Еркебұлан Тоқтар бірнеше соққыны жақсы қабылдап, қысымды көтере алғаны байқалады. Дегенмен Төрехан Сабырхан қимыл жылдамдығын, таймингті және дене қозғалысын шебер пайдаланып, қарсыласының соққыларынан сытылып шығып отырған.

Еске салайық, былтыр Шымкент тумасы Төрехан Сабырхан World Boxing ұйымының аясында өткен Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Бұл нәтиже оның халықаралық аренадағы мәртебесін айқындай түсті.

Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі

Ал Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін желтоқсан айының соңында Ташкентте өткізіп, бірінші раундта жергілікті спортшы Тимур Никулинді нокаутпен ұтты.

Реклама
Реклама