Турнир Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Бүгін яғни 9 қаңтар күні қазақстандық ММА файтерлері Қайрат Ахметов (30-2) пен Асылжан Бақытжанұлы (17-5-1) Absolute Championship Akhmat 198 турнирінде өнер көрсетеді. Жарыс Ресейдің Грозный қаласында өтеді.
Қазақстандық спортшылар негізгі кардта айқасады:
Қайрат Ахметов соңғы рет ММА жекпе-жегін 2023 жылдың мамырында өткізіп, австралиялық Рис Макларенді (19-9) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Одан кейін грэпплинг ережесімен екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапты.
Ал Асылжан Бақытжанұлы 2024 жылдың қыркүйегінде ресейлік Евгений Ерохинді (26-12) бірауыздан қабылданған шешіммен ұтқан болатын.
Оқи отырыңыздар:
Қуат Хамитов Тоқтарға ашық "ескерту" жасады
Қазақ боксшылары қатысатын басты турнирлердің толық тізімі жарияланды