Алдағы маусымда қазақстандық былғары қолғап шеберлері Азия, әлем және құрлықтық деңгейдегі бірқатар беделді жарыстарда ел намысын қорғайды.
2026 жылғы бокстан ресми жарыстар күнтізбесі (Қазақстанның қатысуымен)
- 8–15 наурыз – Futures әлем кубогы U19 (Таиланд)
- 28 наурыз – 11 сәуір – Ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты (Моңғолия)
- сәуір – World Boxing Әлем кубогы, I кезең (Бразилия)
- 1–16 мамыр – U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттары (Өзбекстан)
- маусым – World Boxing Әлем кубогы, II кезең (Қытай)
- шілде – тамыз – U19 жас санатындағы әлем чемпионаты (өтетін орны қосымша жарияланады)
- 3–16 шілде – U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионаттары (Индонезия)
- 19 қыркүйек – 4 қазан – Азия ойындары (Жапония)
- 31 қазан – 13 қараша – Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары (Сенегал)
- қараша – желтоқсан – World Boxing Әлем кубогының финалы (Өзбекстан)
- желтоқсан – Жабық кешендердегі Азия ойындары (Сауд Арабиясы)
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы бір жылдың ішінде бірден үш әлем чемпионатына қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен тұрақтылығын көрсетті.