Жуырда спортшының В-допинг сынамасы ресми түрде ашылғаны белгілі болды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша шешуші кезең басталды. Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков спортшының В-допинг сынамасы ресми түрде ашылғанын хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ал, В сынама ашылды. Дұғада болайық, қазақ елім. Нәтижесін күтеміз», — деп жазды федерация басшысы.
Сонымен Рақымжан Ерденбеков еліміздің Кәсіби бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын тіркелген кәсіби боксшы ретінде қорғауды жүзеге асыратыны жеткізіп, оның құқықтары мен беделін қорғау үшін барлық заңды тетіктерді қолданатынын мәлімдеді.
«B сынамасы таза деп танылған жағдайда, біз барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды, спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді және іс барысында жіберілген әрекеттерге құқықтық баға беруді талап етеміз», – деді Рақымжан Ерденбеков.
Желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлының А-допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының іздері анықталды. Осыған байланысты қазақстандық боксшының WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Лараға қарсы өтетін жекпе-жегі тоқтатылды.
Осы жағдайдан кейін Әлімханұлының командасы В сынаманы ашуды ресми түрде талап еттті. Ол жуырда жүзеге асырылды.
Егер В сынамада да тыйым салынған зат қайта расталса, Жәнібек Әлімханұлы: