Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Данияр ұпаймен ғана жеңеді": Қуат Хамитов Тоқтарға ашық “ескерту” жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарға әлеуметтік желі арқылы үн қатты. 

"Данияр ұпаймен ғана жеңеді": Қуат Хамитов Тоқтарға ашық “ескерту” жасады
instagram/@kuat_khamitov

Instagram-тағы жазба

Хамитов Instagram парақшасында Тоқтармен бұрын түсірілген бірлескен видеоны қайта жариялап, соңғы күндері ел ішінде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа байланысты пікірін білдірді. Әңгіме Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан мәлімдемесінен кейін өршіген.

Қуаттың сөзі қысқа болды:

"Еркебұлан Тоқтар, Данияр жеңсе — ұпаймен жеңеді, ал мен — нокаутермін", — деп жазды Хамитов.

Дау қалай басталды?

Бұған дейін подкастардың бірінде Данияр Елеусінов Тоқтармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтқан. Кейін Еркебұлан Instagram арқылы жауап беріп, спорттық тұрғыда өзін Олимпиада чемпионына қарсылас санамайтынын жеткізді. Ал көп ұзамай Елеусінов бұл тақырыпқа нүкте қойып, араларында ешқандай кикілжің жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы айларда Ресей лигаларында бірнеше жекпе-жек өткізіп, файтерлік ортада назарға ілікті. Ол тек нәтижесімен емес, эпатаж әрекеттері және UFC жұлдыздарына бағытталған қатқыл шақыруларымен де жиі талқыланып жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір