10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына нүкте қашан қойылады?

Сарапшы, спорт журналисі
11.01.2026, 09:50

В сынамасы 8 қаңтар күні ашылған еді.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: спортшының әлеуметтік желісінен

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша тәртіптік тыңдаудың өткізу күні белгіленгенін ресми түрде хабарлады:

“Тыңдау күні: 2026 жылғы 19 қаңтар. Өткізу уақыты мен орны: белгіленген тәртіпке сәйкес барлық мүдделі тараптарға қосымша хабарланатын болады. Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді” – деді Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.

Айта кетейік, желтоқсан айында Әлімханұлының допинг-сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен болатын. Осыдан кейін оның WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Кейінірек боксшының командасы В сынамасын ашуды сұратқан еді.

Қазіргі таңда WBO және IBF допинг дауына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Реклама
Реклама