10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Тар әрі ескі зал": Абылайхан Жүсіпов жаттығуын көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
12.01.2026, 23:30

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов әлеуметтік желіде көптің назарын аудартқан видеосын жариялады. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Жүсіповтың жанайқайы

Жүсіповтің Instagram-да жариялаған видеосында спортшының жаттығуы қарапайым жағдайдағы залда өтіп жатқаны байқалады. Жазбасына ол қысқа да нұсқа ой қалдырған:

"Біз әрдайым жақсы залдарда дайындала бермейміз. Бірақ бізге көп нәрсе керек емес. Бұл — мінез шыңдалатын орын", — деп жазды боксшы.

Абылайхан Жүсіповтің басты жетістіктері

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 2025 жылы IBA ұйымдастырған ерлер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, Дубайда (БАӘ) өткен турнирде алтын медаль иеленген. 

Бұл нәтиже оның мансабындағы үлкен серпіліс болды: бұған дейін Жүсіпов әлем чемпионаттарында үш рет қола жүлде алғаны айтылып жүр. Сонымен қатар Азия чемпионаты-2024 жеңімпазы және Қазақстан чемпионы-2025 ретінде де танымал.

Реклама
Реклама