10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тайсон Фьюри 2026 жылы үш жекпе-жек өткізбек

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 10:15

Боксшы былтыр ғана мансабын аяқтайтынын жариялаған еді. 

mma.metaratings.ru

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюридің (WBC, WBO, IBO, WBA Super, The Ring, IBF) менеджері Спенсер Браун британ боксшысының алдағы жоспарлары туралы мәлімдеді.

Менеджердің айтуынша, 2026 жылы Тайсон Фьюри рингке үш рет шығуы мүмкін. Қазіргі таңда «Сыған патша» Таиландта дайындық жүргізіп жатыр және бокспен қайтадан шындап айналысуға бел буған.

«Мен Тайсонның қайта оралатынын бәріне айттым — және ол расымен де оралды, боксты қайта сүйіп кетті. Ол бір жылдай жекпе-жексіз болды, бірақ биыл үш кездесу өткізу жоспарда бар. Тайсон кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын», — деді Спенсер Браун.

Махмудов — ықтимал қарсылас

Браунның сөзінше, Фьюридің ықтимал қарсыластарының бірі — ресейлік ауыр салмақты боксшы Арсланбек Махмудов.

«Махмудов — қазір талқыланып жатқан нақты нұсқалардың бірі. Иә, ол Тайсон үшін жақсы қарсылас», — деп қосты менеджер.

Еске салайық, 2025 жылы Тайсон Фьюри украиналық Александр Усиктен жеңілгеннен кейін мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Алайда араға көп уақыт салмай, атақты боксшы рингке қайта оралатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама