Реклама
Реклама

Қазақстандық нокаутер Таиландта жекпе-жек өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 11:36

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аскат Жантұрсынов (10-1, 9 КО) рингке қашан оралатынын білді.

Сурет: ашық дереккөздерден

BoxRec.com деректеріне сүйенсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Аскат Жантұрсыновтың кезекті жекпе-жегі 29 қаңтар күні Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтеді. Бұл кездесуде ол жергілікті боксшы Апisit Сангмуангпен (22 жеңіс, 14 жеңіліс, 2 тең ойын, 17 нокаут) қолғап түйістіреді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек аса ауыр салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.

Асхаттың соңғы жекпе-жегі қалай өтті?

Айта кетейік, Аскат Жантұрсынов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 27 қыркүйегінде де дәл осы Бангкок қаласында өткізген. Ол кезде қазақстандық боксшы тай спортшысы Тхоедак Синамды (25-21, 21 КО) әсерлі нокаутпен жеңіп, жанкүйерлеріне сенімді өнер көрсеткен еді.

Ал Жантұрсыновтың алдағы қарсыласы Апisit Сангмуанг қазір сәтсіз кезеңді бастан өткеріп жүр. Тай боксшысы соңғы төрт жекпе-жегінде қатарынан нокаутпен жеңіліс тапқан, дегенмен тәжірибесі мол спортшы ретінде қауіпті қарсылас саналады.

Реклама
Реклама