Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың UFC октагонына оралу мерзімі белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 15:45

Соңғы рет қазақстандық ММА жауынгері 2024 жылдың желтоқсан айында октагонға шыққан болатын.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров өз шәкірті Шавкат Рахмоновтың ұзаққа созылған оралу мерзіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Betonmobile.ru.

"Жалпы алғанда, 77 келі салмақ дәрежесінде екінші орында тұрсаң, кіммен жекпе-жекке шығатыныңның айырмасы жоқ. Ислам болсын, Камару Усман болсын — бәрі де мықты жігіттер. Иэн Гэрри де мықты, Пратес те мықты, Маддалена да мықты. Кімді берсе — сонымен шығу керек және сол стильге сай дайындалу қажет. Қазіргі таңда Шавкатқа қарсылас пен жекпе-жекке қатысты ешқандай ұсыныс жоқ".

Бапкердің айтуынша, толыққанды дайындыққа екі жарым ай қажеттілік етеді:

"Бізге жекпе-жекке дайындалу үшін екі жарым – үш ай керек. Шавкат жаттығып жүр, дайындалып жатыр, залда. Қай күн мен қай ай ұсынылатынына байланысты. Үйде өз бетінше қалыпты режимде жаттығу – бір басқа, ал оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, нақты қарсыласқа дайындалу – мүлде басқа. Бір ай немесе бір жарым ай бізді қанағаттандырмайды. Бізге екі жарым ай қажет", – деді Эдуард Базров.

Бұған дейін Шавкатқа бұрынғы чемпион Джек Делла Маддаленадан және Хоакин Баклиден жекпе-жекке ұсыныс түскен болатын. Айта кетейік, қазіргі таңда Рахмоновтың октагоннан тыс қалған уақыты бір жылдан асып кетті.

Реклама
Реклама