Реклама
Реклама

Екі елдің жанкүйерін дүр сілкіндірген шешім: "Gold" Еркебұлан Тоқтарға нақты жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 21:26

Өзбекстандық ММА файтері Шахзод Узоқов (лақап аты — "Gold") қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізуге арналған келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді. 

Instagram/@1gold

"Gold" келісімшартқа қол қойды: енді ұйымдастыру OCTAGON-да

Узоқов Instagram парақшасында видео жариялап, онда менеджерімен бірге болашақ айқастың келісімшартын алып, құжатқа қол қойған сәтін көрсетті. Файтердің айтуынша, бұл — өзі көптен күткен маңызды оқиға.

Видеода "Gold" шамамен мына мазмұнда мәлімдеме жасады:

"Мен дайынмын, бауырым да дайын. Енді жекпе-жекті ұйымдастыруды толық OCTAGON-ға тапсырамыз. Күтіңдер, жақында болады".

Осылайша тараптар келісімшартқа қол қойғаннан кейін жекпе-жекті рәсімдеу және өткізу процесі OCTAGON промоушеніне берілетіні анық айтылды.

Айқасқа екі елдің жанкүйері бұрыннан дайындалып жүр

Айта кетейік, Тоқтар мен"Gold" бұл кездесу туралы әңгімені біраз уақыттан бері қыздырып келеді. Бұған дейін Өзбекстанда өткен жекпе-жектен кейін Узоқов рингке шығып, Тоқтарға ашық түрде шақыру тастап, екеуі көз арбасу жасаған еді. Сол сәттен бастап қос елдің аудиториясы бұл айқасты ерекше күте бастады.

Еркебұлан Тоқтардың әзірге ең соңғы айқасы 26 желтоқсанда Ташкентте өткен бокс кешінде өтті. Сол жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Тимур Никулинді нокаутпен жеңген.

Реклама
Реклама