Реклама
Реклама

Бокстан әлем чемпионы мансабын аяқтау себебін айтты

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 23:24

Қазақстан боксының белді өкілі, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әуесқой бокстағы мансабын не үшін тоқтатқанын түсіндірді. 

Instagram/@nurdauletovbekzad

Бәріне жарақат кінәлі

Бекзат Нұрдәулетовтің айтуынша, негізгі себеп — денсаулығына байланысты алған жарақат.

"Жарақатқа байланысты әуесқой бокстағы мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым. Бұл қадамды дәрігермен, бапкерлермен және отбасыммен кеңесе отырып жасадым. Әйтпесе Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысқым келетін. Бірақ ерте ме, кеш пе бәрі аяқталады.

Дегенмен кәсіби бокстан толық кеттім деп айта алмаймын. Ұсыныстар түсіп жатыр, мүмкін кәсіби рингтегі жекпе-жектерім жалғасуы да ықтимал. Бұл қазіргі қызметіме кедергі келтірмейді", — деді Нұрдәулетов.

Нұрдәулетовтің басты жетістіктері

Бекзат Нұрдәулетов — Қазақстан құрамасының тәжірибелі былғары қолғап шебері. Ол халықаралық аренада бірқатар ірі жарыста топ жарған:

  • 2019 жылғы әлем чемпионы (Екатеринбург)
  • 2024 жылғы Азия чемпионы (Чиангмай, Таиланд)
  • World Boxing аясындағы 2025 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы (Астана)
  • Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы
  • World Boxing бойынша Ливерпульдегі әлем чемпионатына, сондай-ақ IBA нұсқасымен Дубайдағы әлем біріншілігіне қатысқан

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры боп тағайындалды. 

Реклама
Реклама