Канело өзінің жауынгерімен алғаш рет кард ұйымдастырмақ. Әзірге мексикандық аңыздың қарсыласы белгісіз.
Орта салмақтағы абсолютті экс-әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткізеді.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында «Канеломен» серіктестік орнатқан инвестор әрі Сауд Арабиясы корольдігінің Ойын-сауық істері басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх мәлімдеді. Әзірге Альварестің қарсыласы кім болатыны белгісіз, алайда бокс кеші «Мексика әлемге қарсы» форматында өтеді — Canelo Promotions компаниясының боксшылары өзге елдердің өкілдерімен жұдырықтасады.
«Өте үлкен жекпе-жек болады. Бұл Canelo Promotions ұйымдастыратын алғашқы кард болмақ. Ол „Мексика әлемге қарсы“ деп аталады. „Канело“ командасындағы барлық боксшылар әлемге қарсы шығады. Ал басты жекпе-жекте чемпион әлемдік титул үшін айқасады. Бұл Сауд Арабиясындағы үлкен тосынсый болады», — деді функционер.
Еске сала кетейік, Сауль Альварес соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 13 қыркүйегінде өткізіп, онда Теренс Кроуфордтан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп, екінші орта салмақтағы «абсолют» атағынан айырылған болатын. Осыдан кейін мексикалық боксшы жарақат пен операцияға байланысты үзіліс алатынын мәлімдеді.