Жекпе-жек қаңтардың 23-і күні АҚШ елінде өтеді. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға былтыр 15 қарашада шыққан еді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (13-0, 9 KO) келесі жекпе-жегінің күнін және қарсыласын білді. BoxRec.com дерегіне сәйкес, Айдос Медет 23 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Оның қарсыласы — Доминикан Республикасының өкілі Даннис Агуэро Ариас (20-4, 17 KO). Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, алты раундқа жоспарланған.
Бұл кездесу Айдос Медет үшін АҚШ-тағы екінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейін, 15 қарашада, дәл осы Лонг-Бич қаласында өткен дебюттік кездесуінде мексикалық Давид Рейес Котаны (25-15-2, 13 KO) екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
20 жеңісі бар тәжірибелі қарсыласпен өтетін бұл жекпе-жек Айдос Медет үшін АҚШ-тағы мансабын нығайту жолындағы маңызды сынақ болмақ. Жеңіс оның кәсіби рекордын одан әрі жақсартып қана қоймай, америкалық рингтердегі беделін арттыруы мүмкін.
Оқи отырыңыздар:
Ресми: Сауль "Канело" Альварес рингке қыркүйекте оралады