Жекпе-жек ақпанның 7-сі күні өтеді. Айқас жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенниковтің UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды.
Инсайдер Марсель Дорффтың мәліметінше, Николай Веретенников (13-7) 7 ақпанда өтетін UFC Vegas 113 (UFC Fight Night 266) турнирінде октагонға оралып, бразилиялық файтер Жозе Энрике Соузамен (лақап аты Canela) шеберлік байқасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.
Қазіргі таңда Николай Веретенников UFC-де төрт жекпе-жек өткізген:
Қазақстандық файтердің соңғы айқасы 2025 жылдың қазан айында UFC 320 турнирінде өтті. Ол кезде Веретенников америкалық Пунаэле Сорианоға (12-4) төрешілердің бірауыздан шешімімен жол берген болатын.