Оди Осборн бұл жағдайға қазіргі чемпион Ислам Махачев те араласып, ықпал ететінін атап өтті.
Америкалық UFC файтері Оди Осборн (13-9) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) чемпиондық айқасқа шығу мүмкіндігіне күмән келтірді.
Осборнның пікірінше, Рахмоновтың ұзақ уақыт октагонға шықпауы оның чемпиондық амбицияларына кері әсерін тигізіп отыр.
«Шавкат өте ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Бұл – оның чемпиондық мақсаты үшін үлкен проблема. Рейтингтегі жоғары орнына қарамастан, жақын уақытта титулдық айқас алады деп ойламаймын», — деді америкалық файтер.
Осборн қазіргі чемпион Ислам Махачевтің де бұл жағдайға ықпал ететінін атап өтті.
«Ислам Махачев жартылай орта салмақта чемпион болып тұрған кезде Рахмоновпен кездесуден қашуға тырысады. Оның бұл дивизионда ұзақ қалатынына да сенбеймін», — деді ол.
Америкалық спортшының ойынша, Шавкат үшін ең тиімді сценарий — алдымен бір-екі жекпе-жек өткізу.
«Рахмоновқа қазір бір-екі айқас өткізіп, дивизионның бірінші нөмірін айқын басымдықпен жеңуі керек. Тек содан кейін ғана чемпиондық белбеу туралы айтуға болады. Қазір мен оған титулдық жекпе-жекке мүмкіндік көріп тұрған жоқпын», — деп түйіндеді Осборн.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық файтер жарақаттарына байланысты ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ.
Оқи отырыңыздар: