Өзбекстан намысын қорғап жүрген этникалық қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізді.
Абдуллаев АҚШ-тың Калифорния штатындағы Палм-Дезерт қаласында өткен Golden Boy Promotions ұйымдастырған бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы Уругвай өкілі Эдуардо Хавьер Абреу болды.
Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтті. Кездесудің басты сыйы WBA Continental Gold белбеуі еді. Айқас 8 раундқа жоспарланғанымен бәрі 5-раундта аяқталды.
Кездесу барысында Руслан Абдуллаев қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсіріп, кейін 5-раундта нокаутпен нүкте қойды.
Осы жеңістен кейін Абдуллаев кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 4 жеңіс/0 жеңіліс деңгейіне жеткізді, оның 2 кездесуі нокаутпен аяқталған.
Ал Эдуардо Хавьер Абреу кәсіпқой мансабында екінші рет жеңілді. Бұған дейін оның еншісінде 14 жеңіс және 2 тең нәтиже болған.
Руслан Абдуллаевтың әуесқой рингтегі жолы да жарқын. Ол Өзбекстан құрамасы сапында:
Айта кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Абдуллаевтың әлеуетін жоғары бағалап, оны жаңа "бокстың королі" деп атаға.