Данияр Елеусіновке елдегі өзге Олимпиада жеңімпаздарымен айқас өткізу туралы ұсыныстар айтылуда. Бұл тақырыпқа боксшының өзі пікір білдірді.
Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасында жанкүйерлердің жиі жазатын пікірлеріне тоқталды:
Оның айтуынша, кейбірі: "Егер мықты болсаң, Олимпиада чемпиондарын жекпе-жекке шақыр" деп жазады. Бірақ қазір Қазақстандағы Олимпиада чемпиондарының ішінде кәсіпқой рингте белсенді өнер көрсетіп жүргені тек өзі екенін айтты.
Боксшы Бақыт Сәрсекбаев туралы да нақтылап өтті:
Бақыт Сәрсекбаевтың қазіргі салмағы шамамен 90–100 келі екенін атап, мұндай жағдайда тең айқас ұйымдастыру қиын екенін меңзеді.
Ал Серік Сәпиевтің спорттық мансабын бірнеше жыл бұрын аяқтағанын еске салды.
Сондықтан Елеусінов аға буынға шақыру тастамайтынын, тек жаттығып, тұрақты түрде жұдырықтасып жүрген қарсыластарды шақыратынын жеткізді.
Олимпиада чемпионының сөзінше, ол белсенді спортшыларды, медиалық және медиалық емес атлеттерді, рингке шығатын әрі тұрақты дайындалатын боксшыларды ғана жекпе-жекке шақырады.
"Мен дұрыс жасап жүрмін деп ойлаймын", — деді Елеусінов.
Қазір Данияр Елеусінов Қазақстан боксы тарихындағы соңғы Олимпиада чемпионы саналады. Кейінгі Олимпиадаларда ұлттық құраманың нәтижесі төмендегідей болды:
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдарында Елеусиновтің ММА файтері Еркебұлан Тоқтармен ықтимал айқасы талқыланған.
Сондай-ақ боксшы поп-MMA өкілі Әнуар "Мотиватор" Бекембетовпен провокациялық видео түсіріп, тағы да қызу пікірталасқа себеп болды.