Реклама
Реклама

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
19.01.2026, 22:22

Қазақстандық ММА өкілі Қуат Хамитов (27-8-2) алдағы жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын айтты.

instagram/@sport_kor

Хамитов Instagram парақшасында жарияланған видеода келесі кездесуінің 14 ақпанда өтетінін жеткізді.

"Ресми түрде: 14 ақпанда менің келесі жекпе-жегім өтеді. Грузия, Батуми — алға!" — деді Қуат Хамитов.

Кездесу Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылады. Турнир халықаралық аренада өтетіндіктен қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл — Хамитовтың кезекті маңызды сынағы.

Қуаттың келесі қарсыласы — бразилиялық файтер Алан Силва (19-11-1).

Силва соңғы рет желтоқсан айында октагонға шығып, екінші раундта отандасы Моакир Рошуды (14-10-1) қылғындыру әдісімен (сабмишн) жеңген.

Қуат Хамитов ММА-да ең соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда өткізді. Ол ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтты.

Реклама
Реклама