Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер топ-лигадағы дебюті үшін қомақты сыйақы алды

Сарапшы, спорт журналисі
19.01.2026, 16:40

ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Ахмед Рабадановты жеңген болатын. 

Meta-ratings.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияс Өтеген әлемдік деңгейдегі ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, қаржылай сыйақыға ие болды.

16 желтоқсанда Дияс Өтеген Бангкокта (Таиланд) өткен ONE Friday Fights 139 турнирінде октагонға шықты. Қазақстандық файтер бұл кездесуге төрт күн қалғанда ғана келісім берген.

Өтеген ресейлік Ахмед Рабадановпен (бұған дейін жеңілмеген) жекпе-жек өткізді. Қарсыласы үш кездесуді қатарынан мерзімінен бұрын жеңіп келген еді. Соған қарамастан, қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

$10 000 көлеміндегі бонус

Дияс Өтегеннің өнері лига басшылығын тәнті еткен. Сондықтан оған 10 мың АҚШ доллары көлемінде арнайы бонус берілді. Файтердің айтуынша, бұл сыйақы күтпеген тосынсый болған.

Дияс Өтеген астаналық Takhtay team командасының атынан өнер көрсетеді. Бұған дейін ол Қазақстандағы Octagon және Alash Pride лигаларында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыздар: 

Энтони Джошуа қайғылы жол апатынан кейін шешім қабылдады

"Ақтөбе" тағы бір трансфермен таңқалдырмақ

45 жастағы Винус Уильямс тарихи рекорд орнатты

Реклама
Реклама