Тәуелсіз шетелдік сарапшы Жәнібек Әлімханұлымен байланысты допинг-даудағы жаңа жағдайды бағалады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайды қарауы тиіс болған комиссияның 19 қаңтардағы көптен күткен отырысы тыңдалымның жаңа күнін белгілеумен аяқталды.
Бұл шулы іс бойынша кезекті тыңдалымы енді 23 қаңтарда өтеді.
"Таза спорт" тақырыбын тұрақты түрде жазатын тәуелсіз сарапшы Adam The Analyst X желісіндегі парақшасында болып жатқан жайтқа пікір білдірді:
"Жәнібектің допинг сынамасы оң шыққаны анық, алайда тесттің сандық (нақты көрсеткіш) нәтижелері жарияланбайынша, мен қасақаналық болды ма, жоқ па – қорытынды жасай алмаймын. Мельдонийге қатысты тағам арқылы ластану ағзаға түсуінің құжатталған, бірақ сирек кездесетін жолы екені белгілі. Келесі тыңдалымға дейін жасалатын кез келген тұжырым тағы да жорамал сипатында болады", – деді сарапшы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының оң допинг сынамасы жарияланғаннан кейін бірқатар қиындықтар басталды: оның Эрисланди Ларамен үш титул үшін жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалды, кейін боксшы The Ring рейтингінен шығарылды. Егер қазақстандық спортшы кінәлі деп танылса, оны орта салмақтағы IBF және WBO әлем чемпионы атақтарынан айыруы мүмкін.
Оқи отырыңыз: