Ресейлік файтердің айтуынша, Махачев үшін ең қиын сынақ — қазақстандық файтер.
ACA лигасының жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Альберт Туменов UFC чемпионы Ислам Махачев үшін ең қауіпті қарсыласты атады.
Ресейлік файтердің айтуынша, Махачев үшін ең қиын сынақ — қазақстандық Шавкат Рахмонов болмақ:
“Махачев үшін ең күрделі қарсылас — Шавкат Рахмонов. Жеке өзім үшін ең қызықты жекпе-жек те осы болар еді. Махачевтің Камару Усманмен айқасынан гөрі, дәл осы кездесуді көргім келеді. Усман — аңыз, бірақ оның мансабының ең биік кезеңі артта қалды”, — деді Туменов.
Ислам Махачев
Шавкат Рахмонов
Махачев пен Рахмонов арасындағы кездесу UFC жанкүйерлері арасында жиі талқыланып жүр. Сарапшылардың пікірінше, бұл айқас жартылай орта салмақтағы ең тартысты чемпиондық жекпе-жектердің біріне айналуы мүмкін.