Реклама
Реклама

Бір топ қазақстандық боксшы АҚШ-қа аттанды

Сарапшы, спорт журналисі
25.01.2026, 20:33

Боксшылар Колорадо-Спрингс қаласындағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындық жұмыстарын 8 ақпанға дейін жалғастырады.

Instagram/@nazym_kyzaibay09

Құрама мүшелерінің Америкаға барудағы басты мақсаты — халықаралық деңгейдегі инфрақұрылымы дамыған базада жоғары қарқынды дайындықтан өтіп, алдағы жарыстарға физикалық әрі тактикалық тұрғыда тыңғылықты әзірлену.

АҚШ-қа барған боксшылар тізімі: 

Әйелдер құрамасы

  • 51 кг: Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова
  • 65 кг: Аида Әбікеева
  • 70 кг: Наталья Богданова

Ерлер құрамасы

  • 60 кг: Бейбарыс Жексен
  • 80 кг: Сабыржан Аққалықов
  • 85 кг: Диас Молжігітов

Бапкерлер құрамы

Оқу-жаттығу жиынында командамен бірге төмендегі мамандар жұмыс істейді:

Долқынжан Кәмеков, Дастан Қабденов, Ислам Әбдірайымов, Нұржан Қондыбаев.

Реклама
Реклама