Реклама
Реклама

Қазақстандық каратэші мәртебелі турнирде "алтын" еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
25.01.2026, 23:45

Қазақстан құрамасының көшбасшы каратэшісі Софья Берульцева Ыстамбұлдағы World Karate Federation (WKF) Премьер-Лигасының кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. 

instagram/@sofyaberultseva

Кумитэ бағдарламасында +68 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Берульцева финалда Непал өкілі Арика Гурунгпен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте 4:2 есебімен басым түсіп, турнирдің басты жүлдесін иеленді.

Софья Берульцева әлемдік додаларда Қазақстан намысын абыроймен қорғап келеді. Ол Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар 2022 жылы Азия ойындарында (Ханчжоу) алтын медаль жеңіп алып, құрлықтағы ең үздік спортшылардың қатарына енді.

Реклама
Реклама