Реклама
Реклама

Қазақ файтері Өзбекстанда айқас өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:51

Қазақстандық Азат Мақсұм (15-3) мен Өзбекстан өкілі Рамазан Темиров (19-2) арасында жекпе-жек өтетіні жуырда ресми жарияланды. 

championat.com

Mangu MMA лигасы UFC-дің екі бірдей бұрынғы файтерінің арасында жекпе-жек өтетінін ресми түрде жариялады. Атап айтқанда, қазақстандық Азат Мақсұм (15-3) мен Өзбекстан өкілі Рамазан Темиров (19-2) октагонда жолығады. 

Айқас туралы мәлімет

Жекпе-жек 7 ақпан күні Өзбекстан астанасы Ташкенттегі "Хумо Аренада" өтеді. Айқас бразилиялық джиу-джитсу no-GI (кимоносіз) ережелері бойынша ұйымдастырылады. Бұл кездесуде Mangu MMA промоушенінің чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Азат Мақсұм 2025 жылы UFC-дегі үш жекпе-жекте қатарынан жеңіліп, ұйым ростерінен шығарылған болатын.

Ал Рамазан Темиров та әлемдегі ең ірі ММА промоушенінде өнер көрсеткен. Алайда ол 2-0 рекордына қарамастан, оң допинг-тест нәтижесіне байланысты UFC құрамынан шеттетілді.

Реклама
Реклама