Реклама
Реклама

Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасындағы үздік боксшыны атады

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2026, 19:13

Қазақстан боксының көшбасшыларының бірі, әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамадағы қазіргі ең үздік боксшы туралы пікір білдірді.

NUR.kz

Лидер көп, бірақ еңбегімен ерекшеленетіні бар

Жүсіповтің айтуынша, Қазақстан құрамасында көшбасшы боксшылар аз емес. Әлем чемпиондары да, талантты былғары қолғап шеберлері де жеткілікті. Алайда дәл қазір жаттығудағы еңбекқорлық пен өзін толық беруді сөз етсе, ол Сабыржан Аққалықовты бөле-жара атайды. Бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Жүсіпов бұл пікірін туыстық не жерлестікпен байланыстырмайтынын да нақтылап өтті:

“Ол менің бауырым, жерлесім болғандықтан емес. Жаттығудағы барын салу тұрғысынан дәл Сабыржанды атар едім”, — деді ол.

Сабыржан Аққалықовтың негізгі жетістіктері

Материалда келтірілген деректерге сүйенсек, Сабыржан Аққалықов:

  • 2021 жылы Кельцедегі жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды;
  • 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атанды;
  • 2025 жылы Астанада өткен World Boxing Әлем кубогында жеңімпаз болды;
  • 2025 жылы Дубайдағы IBA әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.

Абылайхан Жүсіпов былтыр IBA әлем чемпионатындағы және Қазақстан чемпионатындағы жеңістерінен кейін құрамада 70 кг-ға дейінгі салмақта көшбасшы саналады.

Реклама
Реклама