Реклама
Реклама

Қазақстандық ағайынды боксшылар әлемдік деңгейде мойындалды

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2026, 20:27

Қазақстандық боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырхан, сондай-ақ Айбек пен Нұрбек Оралбай World Boxing назарын аударды.

instagram/@sabyrkhan_makhmud

World Boxing не деді?

World Boxing-тің ресми парақшасында бокстың тек жеке спорт емес, командалық қолдау мен жақындардың демеуіне сүйенетін ерекше әлем екені айтылған. Ұйымның жазбасында: отбасынан шыққан қолдау — табысқа бастайтын “нағыз рецепт” екені атап өтіледі.

Сол материалда олимпиадалық бокс турнирлерінде қатар жаттығып, бірге өнер көрсететін талантты бокс әулеттері тізімделген. Қазақстаннан бұл қатарға Сабырхан және Оралбай ағайындылары енгізілген.

Оралбайлар: капитанның жеңісі шешуші болды

Айбек Оралбай – қазір ұлттық құраманың капитаны. Сондай-ақ оның World Boxing-2025 әлем чемпионаты финалындағы өзбекстандық Жахонгир Зокировты жеңуі Қазақстанға медаль кестесінде маңызды басымдық әперген. 

Қысқасы, Айбектің сол финалдағы нәтижесі – турнирдің жалпы қорытындысына әсер еткен басты эпизодтардың бірі.

Сабырхандар: Ливерпульде әлем боксы тарихы жазылды

Ал Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Махмұд пен Төрехан Сабырхан ерекше оқиғамен есте қалды. Sports.kz дерегінше, бұл — әуесқой бокста бір турнирде туған екі ағайындының бір мезетте әлем чемпионы атанған алғашқы жағдайы.

Реклама
Реклама