Реклама
Реклама

“Не рас, не өтірік?”: Өзбекстан құрамасы боксшысының Қазақстанға көшуіне қатысты жаңа мәлімет шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:17

Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов Өзбекстан сапында өнер көрсеткен боксшы Саят Ілиясовтың Қазақстанға ауысуына байланысты тараған әңгімелерге түсінік беріп, нақты деректерді атады.

sportarena.kz

Ақтауға келгені рас, бірақ азаматтық әлі жоқ

Жанабергеновтің айтуынша, соңғы күндері бұл тақырып ақпарат кеңістігінде қатты талқыланып жатыр. Сондықтан жаңалық таратқанда «шындық пен қаңқу сөзді» ажырату маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Sportbugin.kz жазды

Ол Саят Ілиясовтың Ақтауға келгені шын екенін нақтылап, көшіп келгеніне бір апта өтпегенін айтты.

Қазақстан азаматтығын рәсімдеу жүріп жатыр

Ілиясов әзірге Қазақстан азаматтығын алмаған. Жаңабергеновтің мәліметінше, боксшының ел ішіндегі жарыстарға қатысуы үшін алдымен азаматтық рәсімделуі қажет. Қазір Саят осы құжат мәселелерімен айналысып жүр.

Ердос Жаңабергеновтің сөзінше, Саят қазір Ақтауда жаттығып жатыр. Сонымен бірге Қазақстанға жалғыз келген.

Жақындарының көшуіне қатысты да ақпарат айтылды. Боксшының ата-анасы жұмыс жағдайына байланысты кейінірек қоныс аударады.

Саят Ілиясовтың жетістіктері қандай?

Саят Ильясов — 2025 жылғы U-22 Азия чемпионатының алтын жүлдегері. Ал Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында (1/16 финал кезеңі) қырғызстандық Омар Ливазамен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілгені хабарланды.

Реклама
Реклама