Реклама
Реклама

Еркебұлан Тоқтармен төбелесетін өзбекстандық "Gold" ММА-де дебют жасады

Сарапшы, спорт журналисі
01.02.2026, 22:44

Ташкенттегі Octagon 84 аралас жекпе-жек кешінде жергілікті спортшы Шахзод "Gold" Узоков кәсіби ММА-да алғаш рет октагонға шықты. 

Instagram/@1gold

Дебют қалай өтті?

Узоковтың дебюттегі қарсыласы әзербайжандық Мухаммадали Нурусов болды. Файтерлер аралық салмақ дәрежесінде үш раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді. Алайда кездесу толық қашықтыққа жеткен жоқ.

Алғашқы раундта Нурусов партерде басымдық танытып, гранд-энд-паунд жағдайында қарсыласының басына бірінен соң бірі ауыр соққылар жұмсады. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Техникалық нокаут (TKO) тіркелді.

Рекордтар жаңарды

Осы жеңістен кейін Мухаммадали Нурусовтың кәсіби рекорды 2-0 болып жақсарды. Ал Шахзод Узоков ММА-дегі мансабын жеңіліспен бастады.

Бұған дейін Шахзод Узоков қазақстандық актер әрі ММА файтері Еркебулан Тоқтармен жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойғаны белгілі болған. 

Реклама
Реклама