Жекпе-жек 28 наурыз күні Ереванда өтеді. Отандасымыз қырғыз файтерімен күш сынасады.
Қазақстандық актер әрі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегін 28 наурыз күні Армения астанасы Ереванда өткізеді. Бұл туралы hype fighting лигасы хабарлады.
Hype Asia турнирінде қазақстандық спортшының қарсыласы ретінде қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулу таңдалды. Ол — кәсіби ММА-де әлі жеңіліп көрмеген файтер.
Кездесу жеңіл салмақта өтеді және ММА қолғаптарымен бокстың ережесі бойынша ұйымдастырылады.
Еркебұлан Тоқтар соңғы айқасын 28 желтоқсанда Ташкенттегі "Хумо Аренада" өткізді. Ол кезде қазақстандық файтер өзбекстандық Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутқа түсірді. Төреші жекпе-жекті 72-секундта тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.
Марсель Нұрланбек уулу соңғы мәрте 2025 жылдың қазан айында Түркістанда өткен Alash Pride FC 113 турнирінде октагонға шықты. Ол жекпе-жекте өзбекстандық Мұхаммадризвон ""Кипиш"" Кахоровты бірінші раундта сабмишнмен жеңген болатын.