Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауында "шикілік" табылды

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2026, 11:39

Америкалық промоутер Кори Рапач қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты жаңа мәліметтерге күмән келтірді.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images

Америкалық кәсіби бокс промоутері Кори Рапач Қазақстанның орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіндегі жайттарға таңғалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айында Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталғаны белгілі болды. "Қазақ стилінің" менеджері Эгис Климас түсіндіргендей, мельдоний боксшының ағзасына мамыр айында медициналық процедуралар кезінде түскен — бұл оның сәуірде Астанада Анауэль Нгамиссенгемен өткізген жекпе-жегінен бір ай кейін болған.

Рапачтың пікірінше, тыйым салынған заттың тек қараша айында анықталуы күмән тудырады.

"Демек, Жәнібек ауырып қалғандықтан құрамында мельдоний бар бірдеңе қабылдады, VADA бағдарламасына қосылды, бірақ 15 қарашадағы талдауға дейінгі бірде-бір сынақтан бұл зат табылмады ма? Мен дұрыс түсіндім бе? Зат жай ғана қайтадан пайда бола салды ма? Бұл қалай жұмыс істейді?", – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Допинг дауы жайлы

Еске салайық, Әлімханұлының допинг-сынамасынан мельдоний табылып, ол бір жылға дисквалификацияланған еді. Оның жарыстардан шеттетілу мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Дисквалификация мерзімі аяқталған соң Жәнібек уақытша белбеу иесімен жекпе-жек өткізуге міндетті.

Реклама
Реклама