Алғашқы жекпе-жектердің нәтижесі әлі күнге дейін даулы саналады.
Белгілі америкалық комментатор, бокс сарапшысы және бұрынғы әлем чемпионы Пол Малиньяджи Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы әйгілі трилогияға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл тартыс тарихтағы ең үлкен бәсекелердің бірі болғанымен, алғашқы жекпе-жектердің нәтижесі әлі күнге дейін даулы саналады.
Boxingscene.com подкастында сөйлеген Малиньяджи "Канело" Альварестің Головкинмен өткен алғашқы екі жекпе-жегінің нәтижесіне күмән келтірді.
"Мысалы, Канелоны алайық. Неге оның GGG-мен қарсыласуы ең керемет жекпе-жектердің бірі саналады? Бірінші кездесуде ол Головкинді "тонады", бәлкім екіншісінде де солай болды. Сосын үшінші жекпе-жекке келісу үшін 75 жыл күткендей болды – қарсыласы қартайғанша", – деді сарапшы.
Даулы шешімдер
Головкин мен Канело арасындағы алғашқы екі жекпе-жек бокс жанкүйерлері арасында ұзақ уақыт бойы талқыланды.
GGG мен Канело арасындағы жекпе-жектер кәсіби бокстың соңғы онжылдықтағы ең үлкен текетірестерінің бірі ретінде бағаланады. Дегенмен алғашқы екі кездесудің нәтижесі әлі күнге дейін сарапшылар мен жанкүйерлер арасында пікірталас тудырып келеді.