Нұртас Әжбенов осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген ресейлік боксшысымен шеберлік байқасады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (14-1, 4 КО) ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Оның келесі жекпе-жегі 13 наурыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді.
BoxRec мәліметінше, қазақстандық спортшы жергілікті боксшы Илья Поповпен (3-0, 1 КО) кездеседі.
Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және сегіз раундқа жоспарланған.
Бұл кездесу Нұртас Әжбенов үшін бір жылдан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол соңғы рет 2025 жылдың 28 ақпанында Астанада рингке шығып, өзбекстандық Асадбек Мамаджоновты (6-2, 3 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Илья Попов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шыққан. Сол кездесуде ол отандасы Дмитрий Хасиевті (12-9-2, 6 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.