Реклама
Реклама

Чарльз Оливейра UFC-де жаңа белбеуді тартып алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:22

Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Чарльз Оливейра америкалық Макс Холлоуэйді айқын басымдықпен жеңіп, тағдырлы айқаста өз сөзін айтты.

cbssports.com

Бұл айқаста Холлоуэй UFC-дегі символикалық BMF белбеуін қорғады. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, бес раундқа жоспарланған еді. Нәтижесінде кездесу толық бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен аяқталды.

Үш төреші де жеңісті Чарльз Оливейраға берді — 50-45, 50-45, 50-45.

Осылайша бразилиялық файтер карьерасындағы 37-ші жеңісіне жетіп, өз коллекциясына жаңа титул қосты. Ал Макс Холлоуэй аралас жекпе-жектегі тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, UFC-дің осы дивизионындағы негізгі чемпион — Испания атынан шығатын, грузиялық Илия Топурия (17-0).

Ол 14 маусым күні Вашингтондағы Ақ үйде өтетін UFC турнирінің мейн-ивентінде америкалық Джастин Гэтжимен (27-5) кездеседі. Гэтжи қазір осы салмақтағы уақытша чемпиондық белбеудің иегері саналады.

Реклама
Реклама