Реклама
Реклама

Айқас па? Жалғас Жұмағұлов жұмбақ жазбамен елді елең еткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:27

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов басқа салмақ дәрежесінде өнер көрсету мүмкіндігін қарастырып жүргенін айтқан болатын.

Vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялап, жақын арада октагонға оралуы мүмкін екенін меңзеді. 

Жұмбақ жазба жанкүйерлерді қызықтырды

Қазақстандық файтер X желісінде қысқа хабарлама жариялап, 11 сәуір күнін атап өтті.

"11 сәуір… Мен бір сұмдық нәрсе жасауды ойлап жүрмін", – деп жазды Жұмағұлов.

Дәл осы күні Польшадағы Щецин қаласында еуропалық Oktagon MMA ұйымының Oktagon 86 турнирі өтеді.

Әзірге қазақстандық спортшының турнир кардында өнер көрсететіні ресми түрде расталған жоқ.

Басқа салмақта чемпиондық жекпе-жек болуы мүмкін

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов басқа салмақ дәрежесінде өнер көрсету мүмкіндігін қарастырып жүргенін айтқан болатын.

Сарапшылардың пікірінше, оның ықтимал қарсыласы жеңіл салмақтағы Oktagon чемпионы – бразилиялық Игор Севериньо болуы мүмкін.

Айта кетейік, Жұмағұлов қазір Oktagon лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы.

Oktagon ұйымындағы жетістіктері

Қазақстандық файтер чемпиондық белбеуді 2025 жылдың маусымында өткен Oktagon 73 турнирінде жеңіп алған. Сол кездесуде ол грузиялық Бедо Адамияны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Ал 2025 жылдың 29 желтоқсанында Прагада өткен Oktagon 81 турнирінде Жұмағұлов чемпиондық титулын алғаш рет қорғап, бұрынғы UFC файтері Давид Дворакты мерзімінен бұрын жеңді.

Жұмағұловтың мансабы

Жалғас Жұмағұлов 1988 жылы 29 тамызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол ММА спортындағы кәсіби мансабын 2014 жылы бастады.

  • 2016 жылы Fight Nights Global ұйымымен келісімшарт жасасты
  • 2020–2023 жылдары UFC-де өнер көрсетті
  • 2023 жылы төрт жеңілістен кейін ұйымнан кетті

2024 жылдан бастап ол чехиялық Oktagon MMA лигасында өнер көрсетіп келеді.

Реклама
Реклама