Реклама
Реклама

Қазақ боксшысының жекпе-жегі алғашқы раундта аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:30

Қазақстандық спортшы 1/16 финалда грузиялық Шалва Беридземен қолғап түйістірген болатын. 

Zakon.kz

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Арман Мырсәбит сенімді жеңіске жетті.

Нокдауннан кейін қарсылас бұрышынан сүлгі лақтырылды

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы 1/16 финалда грузиялық Шалва Беридземен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Арман Мырсәбит айқын басымдық танытты. Бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Екінші раундта қазақстандық боксшы шабуылын жалғастырып, толық үстемдік көрсетті. Нәтижесінде Беридзенің бапкерлері жекпе-жекті тоқтату үшін рингке сүлгі лақтырып, кездесудің мерзімінен бұрын аяқталуына себеп болды.

Айта кетейік, World Boxing Futures Cup – жас боксшыларға арналған жаңа халықаралық турнир.

Бұл дода алғаш рет өткізіліп отыр және оған 19 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Турнир 15 наурызға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама