Реклама
Реклама

Бұрымды боксшымыз қоржынға тағы бір медаль салды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:28

57 келі салмақ дәрежесінде Ақнұр Тұрсынғали алжирлік қарсыласынан айласын асырып кетті. 

sportarena.kz

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан U-19 World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Оны қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали иеленді. 

Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға шықты

Қыздар арасындағы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақнұр Тұрсынғали Алжир спортшысы Бесма Бахримен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Тұрсынғали жартылай финалға жолдама алып, турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті. Ал алжирлік боксшы Бесма Бахри жарысты осы кезеңде аяқтады.

Бангкокта өтіп жатқан World Boxing Futures Cup турнирі 15 наурызда аяқталады.

Бұған дейін қазақ боксшысы Нұрсұлтан Қыстаубай қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберіп, медаль иеленгенін хабарлаған едік. 

Реклама
Реклама