Қазақ боксшысы қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберіп, медаль иеленді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Нұрсұлтан Қыстаубай Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан U-19 World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Қазақ боксшысы қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберіп, медаль иеленді (ВИДЕО)
instagram/@kystaubai_nur

Тәжік боксшысын айқын басымдықпен жеңді

Нұрсұлтан Қыстаубай 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Джахонгир Рузибоевпен кездесті. Жекпе-жек алғашқы раундтың өзінде аяқталды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта екі мәрте нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші айқын басымдықты байқап, кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Осы жеңістің арқасында Нұрсұлтан Қыстаубай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының U-19 санатындағы Futures Cup турнирі 15 наурызға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде Қазақстан жастары жүлде үшін таласты жалғастырып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір