Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:38

Бангкоктегі Futures Cup 2026 U-19 халықаралық турнирінде Тимур Тайбеков кезекті жеңісіне жетті.

Instagram/@boxingkazakhstan

Вьетнамдыққа қарсы ширек финал

Тимур Тайбеков 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында вьетнамдық Тронг Тиен Нгуенмен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық уақытқа созылған жоқ.

Кездесудің алғашқы раундында төреші вьетнамдық боксшыға екі мәрте нокдаун санады. Екінші раундта ол тағы бір рет ауыр соққы өткізіп алды. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңгенін тіркеді.Осылайша Тимур Тайбеков жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медаль иегері атанды.

Тарихтағы тұңғыш турнир

Айта кетейік, World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған “Болашақ кубогы” / Futures Cup турнирі биыл тарихта алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жарысқа 19 жасқа дейінгі боксшылар қатысуда.

Реклама
Реклама